{metadescription}
Тасқында арам қатқан малдың еті базарда сатылып жатыр ма?
Тасқында арам қатқан малдың еті базарда сатылып жатыр ма?

Тасқында арам қатқан малдың еті базарда сатылып жатыр ма?

Тасқын кезінде арам қатқан малдың еті базарда тартылған ет түрінде сатылып жатыр деген ақпаратты ауыл шаруашылығы министрлігі жоққа шығарды. «Бұл деректі тексердік, өлексенің еті базарда сатылғаны дәлелденген жоқ» дейді вице-министр.

Аманғали Бердалин биылғы тасқын азық-түлік қорын жасауға еш кесірін тигізбейтіне де сенімді. Айтуынша, күзде еттен де, наннан да тапшылық көрмейміз. Себебі қамбада әлі былтырғы бидай қоры бар. Ал, биыл жоспардағы 21 млн гектар алқаптың 14 млн гектарына егін салынып болған. Қолында техникасы жоқ шағын шаруалар ғана жылдағы әдетпен ірі қожалықтардың көмегін күтіп отыр. Ал су басқан аймақтарда егін сала алмай отырған шаруалар жоқ, - деді вице-министр. Тасқын кезінде суға кеткен 13 мыңдай малдың шығыны толық өтелген. Қазір қалған 237 бас төрт түліктің есебі шығарылып жатыр. Осыншама малдың қырылуы елде ет бағасының өсуіне еш әсер етпейді деді Бердалин.

Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Қазақстанда 9 млн жуық ірі қарамыз бар, 27 млн жуық қойымыз бар, 4 млн жуық жылқымыз бар. Басқасын есептемегенде, ол 12 мың соның бір пайызы да болмайды, сондықтан еш әсері болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде