«Жай тексеру». Ертең телефонға шұғыл хабарлама түссе, алаңдамаңыз
Алматыда ертең сағат 12-де төтенше жағдай туралы жедел ескерту жіберетін Mass Alert жобасы тексерілмек. Әкімдік тұрғындарды телефонына шұғыл хабарлама түскенде алаңдамауға шақырды. Алдымен Android операциялық жүйесі орнатылған смартфон иелеріне қазақ, орыс және ағылшын тілінде ескерту келеді.
Автор: Әсем Жұмабек
30.05.2024
Екінші кезеңде iOS пайдаланушылары жүйеге қосылады. Мамандардың айтуынша, Mass Alert жүйесінің SMS-ке қарағанда бірқатар артықшылығы бар. Хабарлама мобильді оператор желісіне қосылған. Сондай-ақ барлық абонентті бірден әрі жаппай ескертеді. Сонымен қатар аталмыш жүйе желіге артық жүктеме түсірмейді. Төтенше жағдайлар қызметінің жер сілкінісі туралы ерте құлақтандыру жүйесін Mass Alert-пен біріктіру жоспарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!