{metadescription}
Ақмола облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқандар ұсталды
Ақмола облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқандар ұсталды

Ақмола облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқандар ұсталды

Ақмола облысында заңсыз алтын өндірумен айналысып келген Ақсу және Заводской кентінің тұрғындары ұсталды. Олар қымбат металды астыртын цехтарындағы қолдан жасалған құрылғыда жуып-өңдеумен айналып келген.

Ұйымдасқан топ бұрын бір рет өңдеуден өткенімен, құрамында алтыны бар концентрантты қайта өңдеуге әбден машықтанып алған. Полициейлер олардан алты бірдей арнайы кен үккіш цех, жуып-тазалайтын үш қондырғы тапқан. Кен салынған 300 қап өңдеуге кезек күтіп тұрған.

Қымбат металды заңсыз айналымға шығару бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық алынған айғақ заттарға сараптама тағайындалған. Олардың заңсыз жолмен қанша алтын өңдеп пайда тапқаны әзірге белгісіз. Жалпы, кен шығарумен айналысатын өңірде «алтын көріп жолдан тайғандар» азаймай тұр.

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының кендерінде құрамында алтыны бар материалдардың заңсыз айналымына қатысы бар заңсыз кен қазушылар қызметінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Тек ағымдағы жылы полиция қызметкерлері 400-ден аса заңсыз кен қазушыларды ұстап, жауапкершілікке тартты. Сегіз қылмыстық іс тіркелді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.