{metadescription}
Саранда үйлерді кәріз суы басып, жөндемек болған жұмысшылар жағасын ұстады
Саранда үйлерді кәріз суы басып, жөндемек болған жұмысшылар жағасын ұстады

Саранда үйлерді кәріз суы басып, жөндемек болған жұмысшылар жағасын ұстады

Қарағанды облысындағы Саран қаласының орталығындағы көп қабатты үйлерді кәріз суы басып жатыр. Күлімсі иіске тұншыққан тұрғындар өз шаңырағын тастап қашуға әзір. Құбырлар дереу жөнделмесе, қала көшелеріне нәжіс суы жайылады деп алаңдайды жұрт. Ал коммуналдық мекемедегілер бәріне тұрғындардың өзін кінәлайды.

Саран қаласының орталық көшелерінде еркін тыныстау мүмкін емес. Айналаны көп қабатты үйлердің кәріз құбырының қалдық суының күлімсі иісі алып кеткен. Тұншыққан тұрғындар шаңырағынан безіп қашудың сәл алдында. Күннің суықтығына қарамастан, күні-түні терезені ашып қоямыз деп ашынады олар.

Оксана Анисимова:

Кәріз құбырындағы су жертөленің бәрін алып кетті. Электр желілері соның астында қалды. Екі рет кабельді ауыстырғанда, ылғалдан жарылған еді. Енді не істей аламыз? Мына сасық иістен тұншығып отырмыз. Шыбын-шіркей қаптап, тұру мүмкін болмай кетті.

Сасық иістен сарандықтар өз үйінде тамақ ішуді де қойған. Ұшынып қалмау үшін өзге жаққа кетіп жүр. Күлімсі иіс сіңген киімдерімізден ұялатын хәлге жеттік деп ашынады. Көпқабатты үйлердің жертөлесіндегі құбырлар өткен аптадан бастап бітеле бастаған. Басында өздері ақауды іздеп көрмек болыпты. Бірақ одан түк шықпай, кейін қала басшыларынан көмек сұраған.

Айнұр Қожабекова:

Бітелген құдықты сегіз сағат бойы іздедік. Одан соң әкімге хабарласып көмек сұрадық. Құбырдан аққан кәріз суын әр секунд сайын таспаға түсіріп, ойбайға салып отыру да қиын. Ақыры құдықты тапқанымызбен, оны тазарта алмай жатыр.

Коммуналдық мекемедегілер күні-түні жұмыс істегенін айтады. Бітелген құбырларды көргенде, жұмысшылардың өзі таң қалыпты. Тұрғындар дәретханаға не болса соны сала берген. Велосипед саймандарынан бастап, іш киімдерге дейін сумен ағызған.

Александр Федоров, «СаранКоммунСервис» компаниясының директоры:

Құбыр жатақхананың аумағында бітелген. Құдықты қарағанымыздан ондағы көлемі 250 диаметрлі құбырлардан қалдық су кетпей тығындалып қалыпты. Оны арнайы көлікпен тазартып, соңынан сымдармен шұқыладық. Шүберектен бастап, тұрғындардың тастамаған заты жоқ.

Жұмысшылар дәретхана суын ағызарда қолға түскен затын сала бермей, ұқыпты болса деп ескертіп отыр. Ал жайылған сасық суды ертеңге дейін сорғызып тастамақшы. Сондай-ақ арнайы мамандарға жертөлелерді дезинфекциялауды жүктеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.