{metadescription}
«Үкімге ризамын». Щучьеде студенттің өліміне қатысы бар 11 адам сотталды
«Үкімге ризамын». Щучьеде студенттің өліміне қатысы бар 11 адам сотталды

«Үкімге ризамын». Щучьеде студенттің өліміне қатысы бар 11 адам сотталды

Ақмола облысының Щучье қаласында 19 жасар студенттің өліміне қатысы бар деген 11 азаматтың сотталуы өте әділ үкім деп отыр марқұм Роман Бодаговтың ата-анасы. Олар қалада осыдан кейін жастар емін-еркін жүріп, қылмыс азаятын болды деп отыр.

19 жастағы Роман Бодаговтың өлі денесі Бурабай станциясында теміржол бойынан табылған. Алғашқыда суицид жасады деген болжам болғанымен, туысқандары оның өліміне кентте «ақша бопсалайтындар кінәлі» деп президенттен көмек сұраған. Сегіз айдан соң Бурабай ауданы соты «бопсалау»,«өзін-өзі өлтіруге итермелеу» баптары бойынша 11 адамды кінәлі деп тауып, үкім кесті. Олар жасаған қылмыстық әрекеттеріне сай, жетеуі 4 – 5 жыл аралығында, ал үшеуі 4- тен 5 жылға дейін бас бостандығы шектелді. Біреуі қылмыстық жауапкершіліктен құтылған. Сотта бұлардың екі жыл бойы жастарды қорқытып ақша бопсалап, тіпті екеуінің Роман Бодаговтың өліміне себеп болғаны дәлелденді.

Борис Бодагов,марқұмның әкесі:

Сот үкіміне ризамыз! Кінәлілер жазасын алды. Президентке және қиын сәтте қасымыздан табылған адамдарға, бізді қолдағандарға рахметімді айтамын. Бізге өте ауыр болды. Әділдік жеңді. Меніңше, қала қылмыскерлерден тазарды. Жастар емін-еркін жүретін болды. Әрине, баламды ешкім қайтара алмайды. Сол өкінішті..

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде