{metadescription}
Тасқын: Құнды жәдігерлеріміз жоғалып кеткелі тұр
Тасқын: Құнды жәдігерлеріміз жоғалып кеткелі тұр

Тасқын: Құнды жәдігерлеріміз жоғалып кеткелі тұр

Құнды жәдігерлеріміз жоғалып кеткелі тұр. Су шайып кеткен аймақтарда есін енді жиған жұрт, тарихы терең археологиялық ескерткіштердің жай-күйіне алаңдаулы.

Бүгін Сенатта Бибігүл Жексенбай қызыл судан үгітіліп, борпылдақ құмға айналып жатқан мазар, қорған, ескерткіштер мәселесін көтерді. Сенатордың сөзінше, тасқыннан зардап шеккен ауыл-аймаққа арнайы экспедиция жіберу керек. Мамандар ескерткіштерге сараптама жасап, құнды жәдігерлерімізді апаттық жағдайдан құтқарудың шығынын қағазға түсіріп есептейді. Көздің қарашығындай сақталуы тиіс, бабалардан қалған мұрамыз талан-таражға түспеуі тиіс дейді депутат. Сондықтан есерткіштерді тиісті деңгейде қорғап, жәдігерлердің контрабандасы бойынша жазаны қатаңдату ды да ұсынып отыр.

Бибігүл Жексенбай, Сенат депутаты:

Қазақстанда зерттеу уақыты шектелмеген. Археологиялық ауқымы айқындалмаған, лицензия алған кәсіби біліктілігі төмен, не мүлде жоқ жеке адамдар мен ұйымдар саны ресми, бейресми мәліметтерге сәйкес, 60-тан 100-ге дейін жетеді. Ең сорақысы, олар ешкімге, еш есеп бермейді, білгенін істеп жүр дейді мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде