{metadescription}
Ұсыныс: Мектеп пен балабақшаға бірыңғай тамақтану стандартын енгізу керек
Ұсыныс: Мектеп пен балабақшаға бірыңғай тамақтану стандартын енгізу керек

Ұсыныс: Мектеп пен балабақшаға бірыңғай тамақтану стандартын енгізу керек

Мектептер мен балабақшаларда бірыңғай тамақтану стандартын енгізу керек. Ғалымдар мен сала сарапшыларының ұсынысы осындай. Өйткені еліміздің білім ошақтарында берілетін тегін астың сапасына ешкімнің көңілі толмайды.

Жұлдыз Сатаева, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ аға оқытушысы:

Мектепте беріп отырған тағам сапасына күдігім бар. Неге десеңіз, оны жеткізіп берушілер қамтамасыз етеді. Төмен бағаға алып, жеткізуге тырысады. Сол үшін оның тағам құндылығының жоғары болуына және ол сапалы және қауіпсіз тағам дайындалуына күдігім бар. Әр тамақтың өзінің сақтау мерзімі бар, сақтау жағдайы бар.

Биылғы оқу жылында 1 жарым миллионнан астам оқушы тегін тамақтаныпты. Тек 584 теңгелік мәзір бәріне бірдей ұнамаған. Оған оқушылар арасында жүргізілген сауалнама дәлел. Яғни сұрақ-жауапқа қатысқандардың 21 пайызы мүлде мектепте тамақтанбайтынын айтқан. Себебі мәзірдегі тағам құнарсыз, дәмсіз әрі дәруменсіз. Мұны денсаулық сақтау министрлігі де растап отыр. Ведомствоның талдауы бойынша, елдегі мектептердің жартысынан астамында бірқатар заң бұзушылық анықталған. Тіпті кей мектептерде ыстық тамақ мүлдем берілмеген. Балабақша асханаларында да жағдай мәз емес. Бес жасқа дейінгі балалардың бойында йод, темір және бірнеше маңызды дәрумендердің жетіспеушілігі анықталған. Мамандардың қаққан дабылына бүгін мәслихат депутаттары қосылды.

Салтанат Женалаева, Астана Мәслихатының депутаты:

Біз бірнеше рет тамақтану құнына қатысты мәселені көтердік. Бірқатар ескерту болды. Былтыр әр баланың бір күндік тамағына 499 теңге бөлінсе, биыл мәслихат шешімімен 584 теңгеге дейін көтерілді. Дегенмен бұл сома балалардың дұрыс тамақтануы үшін әсте жеткіліксіз екенін түсініп отырмыз. Мәзірде әлі де ет, жеміс-жидек пен сүт өнімі аз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде