{metadescription}
Семейде терек мамығы жаппай аллергия қоздырып жатыр
Семейде терек мамығы жаппай аллергия қоздырып жатыр

Семейде терек мамығы жаппай аллергия қоздырып жатыр

Семейде теректен ұшқан мамық жұртты әуре-сарсаңға салуда. Дәрігерлердің айтуынша, бұл жағдай аллергиясы бар адамдардың ауруын одан сайын қоздырады.

Ботагөз Тұраханова, Абай облысының бас аллерголог дәрігері:

Науқастар көп. Түске дейін алтауын қабылдадым. Маусымдық аллергия бойынша күні бойы қарап жатырмыз.

Көптеген тұрғын медициналық бетперде тағатын болған. Кейбірі аллергияға қарсы өз бетінше дәрі ішкен. Ал ем-дом дұрыс жүргізілмесе, оның соңы аллергиялық ринит, бронхиалды демікпеге айналып кетуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер, мұндай жағдайда, ең бірінші, өз бетінше емделмей, мамандарға көрінуге кеңес береді. Ал жергілікті коммуналдық қызметкерлер теректен мамығын тазалап әлек. Тіпті оған 100 адам жұмылдырылған. Әйтседе олар шаһарда мамық шашатын тал-терек көп болғандықтан, сыпырып үлгере алмай жатыр.

Гүлдаста Қырықпаева, жұмысшы:

Таңғы 8-ден, кешкі сағат 4-ке дейін істейміз. Үлгергенше сыпырамыз. Әсіресе жағалауда көп. Таңертеңнен кешке дейін сыпырып жүреміз. Жұмыс көп, кісі аз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде