{metadescription}
Өскеменде жалдаған жертөледе есірткі зертханасын ашқан тұрғын ұсталды
Өскеменде жалдаған жертөледе есірткі зертханасын ашқан тұрғын ұсталды

Өскеменде жалдаған жертөледе есірткі зертханасын ашқан тұрғын ұсталды

Өскеменде синтетикалық есірткі жасайтын зертхана ашқан азамат ұсталды. Оңай пайда табу үшін 41 жастағы қала тұрғыны үйдің жертөлесін жалға алған.

Ол тіпті психотропты заттарды да сатуға дайындап үлгерген. Тәртіп сақшылары тінткен кезде бір жарым келіге жуық мефедрон, екі тоннаға жуық химиялық сұйықтық және зертханалық жабдықтарды тәркіледі. Ал одан алынған қоспа 100 келі мефедрон жасап шығаруға жеткілікті екен. Қазір күдіктінің ірі мөлшердегі синтетикалық есірткі қоспаларын қайдан алғаны анықталуда. Қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Руслан Өмірбекұлы, Өскемен қаласы ПБ бастығының орынбасары:

  Облыс орталығының 41 жастағы тұрғыны ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде