{metadescription}
Алматыда экстремал спортымен айналысатындардың  жаттығатын орны жоқ
Алматыда экстремал спортымен айналысатындардың  жаттығатын орны жоқ

Алматыда экстремал спортымен айналысатындардың жаттығатын орны жоқ

«Халықаралық жарыстарға шыға алмаймыз». Алматыда экстремалды спорт түрлерімен айналысатындар жаттығатын орын жоқ деп шағымданды. Айтуларынша, қаладағы скейт алаңдарда құрылыстың сапасы нашар, жаттығу қолайсыз. Соның салдарынан жарыстарға қатыса алмай жүлдеден қағылып жүр. Ал Велоспорт федерациясы бұл спорт түрін келесі жылдан бастап қана қолға алмақшы.

Сұлтан Қошқарбаев жеті жылдан бері самокат тебумен кәсіби түрде айналысады. Спортшы жігіт қаладағы скейт алаңдардың жәй-күйіне алаңдаулы. Айтуынша, Алматыдағы скейт парктердің құрылысы екі типте салынған. Бірі бетонмен құйылып, екіншісі ағаштан жасалыпты. Бүгінде барлығының жәй-күйі нашарлап, біраз жері опырылған.

Сұлтан Қошқарбаев:

Қазіргі скейт-парктердің жағдайы бізді біраз қынжылтады. Жаттығу мүмкін емес. Арнайы фигуралар, жолдар жоқ. Соның кесірінен біз халықаралық жарыстарға бара алмаймыз. Мәселен, менің кәсіби жаттықпағаныма жарты жылдан асты. Дәрежелі спортшы болсақ та, жаттығатын жөнді арнайы орын жоқ.

Сапасыз алаңдардың кесірінен жаттығуы ақсаған жас спортшылар халықаралық жарыстарға қатыса алмаймыз дейді ренжулі.

Александр Акатьев:

Бұл спорт түрімен айналысатын жастардың саны күннен-күнге өсіп келеді. Барлығының біліктілігі жоғары, әлемдік деңгейде деп айта аламын. Біздегі скейт-паркті қалай болса солай сала салған. Самокаттан, скейтбордтан мүлде хабары жоқ адамдар тұрғызған. Құрылысы дұрыс емес. Ыңғайсыз. Біз секілді жандардың аяғынан шалмай, сапалы скейт-парк салып берсе екен деп сұраймыз.

Жалпы қалада 30-дан астам скейт алаң бар. Соның бірі - Орталық мәдениет және демалыс саябағында. Саябақ директоры жас спортшылар айтқан уәжбен келіспейотыр. Айтуынша, 600 шаршы метрлік алаң нағыз спортшыларға арналған.

Владимир Калинин, Орталық мәдениет және демалыс саябағының директоры

Біздің скейт парктің құрылысын арнайы мамандар салған. Ашылып жұмыс істеп тұрғанына алты жылдан асты. Мұнда түрлі қалалық, республикалық жарыстар да өткізілді. Дегенмен кәсіби деп айтуға келмейтіні рас. Көбіне әуесқойлар жаттығады. Алаң қысы-жазы тәулік бойы жұмыс істейді.

Деседе бұл спорт түрінің біздің елде кенжелеп қалғанын жауаптылар мойындайды. Скейт алаңдардыңда түрлі жаттығуларды жасауға келмейтінін Велоспорт федерациясы ашық айтып отыр.

Жетес Сүлейменов, Қазақстан велоспорт федерациясының бас хатшысы;

Иә скейт парктердегі инфраструктураның құлдырап тұрғаны рас. Елімізде бұл спорт түрлері енді-енді дамып келе жатыр.Чемпионаттар өткізіліп жатыр. Ал кәсіби жаттығу үшін біз Спорт және туризм министрлігімен, спортты дамыту дирекциясымен келіссөздер жүргізетін боламыз.

Федерация енді осы экстермалды спорт түрлерін дамытпақ ниетте. Тек келесі жылдан бастап. Алдағы уақытта арнайы штат ашып, жаттықтырушылар мен жаттығатын орындарды да көбейтпек. Скейт алаңдардың санына емес, сапасына мән береміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде