{metadescription}
Алматыда саңырау бүлдіршінге тегін ота жасалып, шетел құрылғысы орнатылды
Алматыда саңырау бүлдіршінге тегін ота жасалып, шетел құрылғысы орнатылды

Алматыда саңырау бүлдіршінге тегін ота жасалып, шетел құрылғысы орнатылды

Балалар күні қарсаңында Алматыда есту қабілеті нашар бүлдіршінге тегін ота жасалды. Бес жасар Нариманның бір құлағы туғаннан естімейді. Соның кесірінен тілі де дұрыс шықпаған. Дәрігерлер оған ең озық деген австриялық компанияның құрылығысын тегін орнатты.

Мохаммед Шбейр, Dr.Shbair клиникасының директоры, хирург:

Ота сәтті өтті. Шамаменбір жарым сағат уақыт кетті. Кохлеарлы имплантацияның бұл түрі Австрияда бұрыннан қолданылып келеді. Ол есту қабілеті төмен науқастарды бейімдеуге арналған электрондық құрал. Ерекшелігі бас сүйек ұлпаларына еш зақым келтірмей орналастырылады.

Бес жастағы бүлдіршін ата-анасымен бірге отаға Ақтөбе қаласынан арнайы келіпті. Жаңа құрылғы Нариманның ағзасына бейімделген соң, бір айдан кейін іске қосылады. Мамандардың айтуынша, мұндай ота жасалған бала сол бір айдың ішінде толық естіп, бір жылда таза сөйлеп кетеді екен. Енді операцияның бұл түрі басқа науқас балаларға да арнайы квота бойынша жасалмақ.

Раушан Иманғалиева, Нариманның анасы:

Әрине, қобалжисың ғой. Бала кішкентай болған соң бірінші рет істеген соң. Нәтижесі жақсы болады дейді. Имплант киген балалар қазір күшті сөйлейді. Қазір мектеп бітіріп, университетке түскен балалар бар дейді. Бізге осындай мүмкіндік бергеніне көп рақмет!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде