{metadescription}
ҰҚШҰ: Жауынгерлік даярлық, заманауи қару-жарақ — бірнеше құжатқа қол қойылды
ҰҚШҰ: Жауынгерлік даярлық, заманауи қару-жарақ — бірнеше құжатқа қол қойылды

ҰҚШҰ: Жауынгерлік даярлық, заманауи қару-жарақ — бірнеше құжатқа қол қойылды

Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті. Отырыста Ұйымға мүше мемлекеттерді өзара жауынгерлік даярлық, заманауи қару-жарақ, озық әскери техникамен жарақтандыру жөніндегі бірнеше құжатқа қол қойылды.

Делегация басшылары жиынды бастамас бұрын 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябаққа барып, мемориалға гүл шоғы қойды. Одан кейін Ұйымға мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің шағын құрамындағы отырысын еліміздің қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ашты. Тараптар әскери қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты дамытудың бағыттары туралы баяндама жасап, пленарлық жиында бірнеше құжат қабылдады. Олар Ұйымының ұжымдық күштерін бірлесіп даярлауды жоспарлау, заманауи қару-жарақ үлгілерімен, әскери және арнайы техникамен жабдықтау төңірегінде болды. Кездесу соңында Қазақстанның қорғаныс министрі жиынға қатысушыларға нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:

Бүгінгі отырыста біз Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге жан-жақты талдау жүргіздік. Ұйымға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының өзара іс-әрекетін одан әрі тереңдетуге және оның әскери құрамдас бөлігін дамытуға бағытталған құжаттар қаралып, қол қойылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде