{metadescription}
Репрессия құрбандарын еске алу: 9 668 азаматқа біржолғы материалдық көмек көрсетіледі
Репрессия құрбандарын еске алу: 9 668 азаматқа біржолғы материалдық көмек көрсетіледі

Репрессия құрбандарын еске алу: 9 668 азаматқа біржолғы материалдық көмек көрсетіледі

Бүгін — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Нәубет жылдарында қасірет шеккендерді аза тұту күнінде Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы жазба жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Мемлекетіміз қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеу жұмыстарына баса мән беріп отыр. Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз.

Ел тарихындағы миллиондаған адамның жазықсыз өліміне алып келген қайғы-қасірет ұрпақ санасынан өшпейтіні анық. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 1920-1954 жыл аралығында 100 миың адам саяси айыппен сотталып, 25 мыңы ату жазасына кесілген. Ал ашаршылықтан қырылған қазақ саны 1,3 млн адам. Осы зұлмат жылдар зардабын тартқандардың ұрпақтарына 2003 жылдан бастап арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 20 млрд теңгеге жуық қаржы төленген. Биыл бұл мақсатқа 2,7 млрд теңгеден астам ақша бөлінді. Бүгінде ел бойынша осы арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуға 26 833 адам құқылы. Сондай-ақ репрессия құрбандарын еске алу күнінде 9 668 азаматқа біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде