{metadescription}
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу: Алматыда халықаралық көрме ашылды
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу: Алматыда халықаралық көрме ашылды

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу: Алматыда халықаралық көрме ашылды

Алматыда қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Түркістан екі империяның билігі астында: отаршылдық және қуғын-сүргін» халықаралық көрмесі ашылды. ҚР Мемлекеттік орталық музейі ұйымдастырған шараға көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Көпшілік назарына авторитарлық дәуірде жалған айып тағылып, қуғын-сүргінге ұшыраған алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбек жолына қатысты 70-тен астам жәдігер ұсынылды.

Жиналғандар саяси қуғын-сүргін тарихына талдау жасап, құрбандарды еске алды. Көрмеге тұңғыш рет Өзбекстанның мемлекеттік музейі қорынан қуғын-сүргінге ұшыраған екі елдің мемлекет және қоғам қайраткерлерінің заттары қойылды. Сондай-ақ қазақ тарихындағы тұғыры биік тұлға Сәкен Сейфулиннің пальтосы мен патефоны және алтын қол сағаты мен өзінің есімі жазылған темекі қорабы, сонымен қатар белгілі алаш қайраткері Халел Досмұхамедовтың дәрігерлік мөрі мен фотосуреттері және еңбектері көрермен назарына ұсынылды. Өзбекстандағы қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтардың ақталуы туралы жазылған ақпараттық тақтайшалар да көптің назарын аударды.Онда 1930 жылы Өзбекстан аумағына қашып келген 69 азаматтың аты-жөні жазылған. Шараның мақсаты жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің еңбегін насихаттау дейді ұйымдастырушылар.

Рашида Харипова, Орталық музей директоры:

Былтыр оны Өзбекстан Республикасына апардық. Бүгін көрмеге арнайы ұйымдастырып отырмыз. Жалпы бұл орталық музейде Алаш қайраткерлеріне арналған тұрақты экспозиция болмауына байланысты біз осылай уақытша көрмелер шығарамыз. Жалпы биыл жылдың соңына дейін орталық музей қазақстан тарихының 1920 жылдардан бастап Тәуелсіздікке дейінгі , яғни Алаш қайраткерлері, ашаршылыққа ұшыраған жерлестеріміз ,жалпы репрессия барлық Қазақстаннан, Орынбордан басталатын тарихын түгел көрермендерге жыл аяғына дейін ұсынамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.