{metadescription}
Павлодар облысы: Бір ай бойы іздеген капитанның денесі табылды
Павлодар облысы: Бір ай бойы іздеген капитанның денесі табылды

Павлодар облысы: Бір ай бойы іздеген капитанның денесі табылды

Павлодар облысында суға кеткен кеме капитанының денесі табылды. Ертіс өзеніне құлап кеткен азаматты құтқарушылар бір ай бойы іздеген еді.

8 мамыр күні суға кеткен капитан «Қазақстан Су жолдары» кәсіпорнында қызмет еткен. Моторлы қайықты жөндеу жұмысы кезінде палубада тұрған ол суға құлап кеткен. Бүгін 59 жастағы азаматтың денесі Аққулы ауылынан 60 шақырым жерден табылды. Қазір тәртіп сақшылары мүрдені сот-медициналық сараптамасына жөнелткен. Ал іздеу жұмыстарының тым ұзаққа созылуына Ертіс деңгейінің айтарлықтай көтерілгені себеп болды дейді мамандар. Құтқарушылардың жұмысын қатты су ағыны да қиындатыпты. Алдын ала болжам бойынша, оқыс оқиғаға қауіпсіздік ережелерінің ескерілмеуі себеп болған.

Ерлан Қасымов, Павлодар облысы ТЖД басқармасы бастығының орынбасары:

Бізге хабарлама 9 мамыр күні келіп түсті. Содан бері іздеу жүргізілді. Он жүргіздік, жеті күн белсенді, үш күн бенсенсіз. Он күн ішінде табылмады. Ол кісінің туыстары арыз жазып, кейін тағы жалғасты. Соңғы жеті күнде іздестіргенде табылды. Ертіс өзенінен төменірек 60 шақырым жерден табылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде