{metadescription}
Астық: Қостанайда жалған құжатпен сапасыз өнім өткізіп келген
Астық: Қостанайда жалған құжатпен сапасыз өнім өткізіп келген

Астық: Қостанайда жалған құжатпен сапасыз өнім өткізіп келген

Астық сатып, алдап кетті. Шетелге бидай өткізумен айналысатын кәсіпкерлер сыртқы нарықта біздің өнімге сұраныс азайды деп шағымдануда. Себебі Қостанайдағы элеватор иелері мен диқандар сапасыз өнімдерін жалған құжат арқылы өткізіп келген көрінеді. Яғни астықтың келісімшартта көрсетілген сапасы іс жүзінде әлдеқайда төмен болып шыққан.

Өңірде осындай он шақты жағдай тіркеліпті. Сондықтан жоғары сұрыпты астық аламыз деп алданғандар шетінен сотқа жүгінуде.

Астық экспорттаушы компаниялар Қостанайдағы элеваторлар алдап соқты деп шетінен сотқа жүгінуде. Кәсіпкерлердің айтуынша, серіктестері өзара сөз байласып, астықтың сапасы туралы жалған ақпарат берген. Жоғары сұрыпты бидайдың орнына ылғалдылығы көп өнім алып, шаш етектен шығынға батқан.

Елена Мысик, жәбірленуші компания өкілі:

BARAKAT AGRO KAZ директоры Жұмағұлов Рустам шарт негізінде 3-класстағы астық жеткізуі тиіс болған. Келісімшарт жасалып, 200 млн теңге көлеміндегі төлем толығымен аударылды. Бірақ бидай сапасы төмен болып шықты. Мұны тәуелсіз сараптама растады. Мәміле жасалған кезде сатушы да, элеватор да тиісті сападағы бидайдың жоқ екенін білген.

Әу баста элеваторлар өнім сапасына кепілдік беріпті. Соған қарамастан, кәсіпкерлердің сатып алған бидайы сапасыз болып шықты. Мәселеге үңілген заңгерлер бұған астық туралы заңдағы олқылық себеп дейді. Яғни келісімшартта дұрыс емес деректерді көрсеткені үшін ешкім жауапкершілік арқаламайтын көрінеді. Десе де заңгерлер сапасыз астық үшін элеватор иелері жауап беруі керек дейді. Қазір осындай оншақты іс сотта қаралуда.

Болат Алпысбаев, «Пресногорьковский Элеватор» ЖШС басшысы:

Шартта көрсетілген сападағы астықты тиеп бере алмаймыз деп айттым. Бидай сапасын нақтылайтын көрсеткіштердің ішінде «түсу санын» бір қалыпта ұстап тұру мүмкін емес. Талапкер қалаған сападағы астықтың қанша қоры бар екені белгісіз. Біз бұндай жағдаймен 2017 жылдан бері кездеспедік. Ылғалдылық 14 пайыз шамасында болды, оны төмендету бізге материалдық шығын әкелер еді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі астық бизнесіндегі бұл былыққа жауап бере алмайтынын айтады. Сатып алушылар, элеватор иелері мен шаруалар арасындағы барлық даулар азаматтық сотта шешілуі тиіс екен. Ал «Қазақстанның астық одағы» сапасыз өнім үшін элеваторлар жауапкершілік арқалуы керек деген пікірде.

Евгений Карабанов, «Қазақстанның Астық Одағы» ЗТБ ресми өкілі:

Астықты қабылдау және сақтау кезеңінде әртүрлі класстағы бидайдың араласып кетуі мүмкін. Сондай-ық астықты дұрыстап кептіру қажет. Ол жасалмаған жағдайда сапасы төмендейді. Ылғалдылық 12-12,5 пайыз болуы керек. Жауапкершілік толығымен элеватор мойнында. Ол өз есебінен немесе сақтандыру полисі арқылы шығынды өтеуі тиіс. Бұл заңда көрсетілген. Бірақ лицензиясы жоқ элеваторлар сақтандыруға жүгіне бермейді.

Елімізде элеваторлар қызметін қадағалайтын мекеме жоқ екен. Жауапты министрлік олардың жұмысына араласа алмайды. Сондықтан шетелге бидай сататындар сотқа сабылып жүр. Осының кесірінен еліміздің ең ірі астық сатып алушылары саналатын Ауғанстан мен Иран компаниялары бізден теріс айнала бастаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде