{metadescription}
Семейдегі жерасты өткелдері жасалмай жатып талқандалып жатыр
Семейдегі жерасты өткелдері жасалмай жатып талқандалып жатыр

Семейдегі жерасты өткелдері жасалмай жатып талқандалып жатыр

Семейдегі жерасты өткелдері жасалмай жатып талқандалып жатыр. Вандалдар әуен ойнап тұратын дыбыс зорайтқыштарды ұрлап кеткен.

Шаһарда сегіз жерасты өткелі бар. Қазір барлығында жөңдеу жүргізіліп жатыр. Қабырғалары ұлттық нақышта әрленіп, қазақ сазгерлерінің суреттері салынған. Атап айтқанда, Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Батырхан Шүкеновтің бейнесі бедерленуде.

Олардың туындысы күндіз-түні ойнап тұру үшін дыбыс шығаратын бес колонка орнатылыпты. Алайда қаскөйлер соның бәрін ұрлап кеткен. Ол аздай, өткелге дәрет сындырып, қабырғаларын айғыздап тастаған. Жергілікті әкімдік қастық қылғандарды ұстау үшін тәртіп сақшыларына шағым түсірді.

Ерік Шағанов, Семей жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

Былтыр барлық сегіз өткелге бейнебақылау камераларын орнаттық. Және осы жұмыстар аяқталуға жақын қалғанда, бұзақылар дыбыс шығаратын құрылғаларды ұралап кетті. Бұл тіркелді. Полиция қызметкерлері осы жерге келіп, арыз жазылды. Қазір іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде