{metadescription}
Астана шетіндегі қауіпті бөгет аумағына кіруге тыйым салынған
Астана шетіндегі қауіпті бөгет аумағына кіруге тыйым салынған

Астана шетіндегі қауіпті бөгет аумағына кіруге тыйым салынған

Астана шетіндегі бөгет аумағында қыдырған — қауіпті. «Ол жерге кіруге болмайды» деп, елорда әкімдігі тұрғындарға ескерткенімен, әдемі кадр үшін басын қауіпке тігіп, су реттейтін нысанға келетіндер қатары азаяр емес.

Қала іргесінде орналасқан су реттеуіш нысанды халық осы көктемде қыдырып баратын көрікті жердің біріне айналдырған. Кіруге тыйым салынғанына қарамастан, бөгет аумағында серуендеп, селфи түсірушілер қарасы көп. Тіпті балаларын ертіп апаратындар да бар екен. Әкімдік құрылысы аяқталмаған нысанды темірмен қоршап қойғанымен, әлдекімдер оны бұзып, емін-еркін кіріп-шығып жүр.

Ерлан Мырзахан, Нұра ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:

Алдағы екі жылдың ішінде бұл жер туристік орынға айналуы мүмкін. Дегенмен қазір адамдардың, оның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қала тұрғындарына бұл нысанды барып аралауға рұқсат етілмейді және ол жаққа бармауға шақырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде