{metadescription}
Семейде құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері бірлескен жаттығу өткізді
Семейде құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері бірлескен жаттығу өткізді

Семейде құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері бірлескен жаттығу өткізді

Семейде 13 қабатты баспанадан өрт шықты. Кіреберісін лезде қою қара түтін торлап, жұрт сыртқа шығып үлгермен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 14 адамды құтарып қалды. Олардың ішінде ыстан уланғандар да бар. Зардап шеккен төрт адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

13 қабатты баспанадан шыққан өрт жұрттың зәресін ұшырды. Қаланы басына көтерген өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көліктері кезек-кезек апат орнына ағылуда. Өйткені биік ғимараттың кіреберісін лезде қою қара түтін торлап, жұрт сыртқа шығып үлгермепті.

Қызыл жалын алтыншы қабаттағы пәтерлердің бірінен тұтанған. Түтін ортасында 14 адам қалып қойған. Оларды құтқарушылар қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер ыстан уланған төрт адамды аман алып қалды.

Бұл шынайы оқиға емес, оқу- жаттығу болатын. Осылайша құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері бірлескен дайындығын пысықтады. Олар биік нысандарда болатын төтенше жағдай кезінде қиындықтар көп кездесетінін айтты.

Данияр Сәкенұлы, Абай облысының ТЖД өртке қарсы қызметінің басшысы:

Келгенде адамдар да көп, машина да көп. Қала өсіп жатыр. Келген кезде машина өткізбейтін қиындықтар болады. Сосон автосатыны қоятын жер де жоқ. Бұрылып қозғалу қиын. Бізде бүкілі КамАЗ көліктері. Олар өрт сөндіру үшін су тасиды. Осындай қиындықтар болады.

Тактикалық жиынға 15 техника мен 40 адам жұмылдырылды. Мамандардың біріккен оқу- жаттығуын ұйымдастыруы тегін емес. Өйткені шаһардағы зәулім үйлерде өрт оқиғасы көбейген. Жыл басынан бері 15 өрт тіркеліп, 30 адам құтқарылған. Оның ішінде жеті бала бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде