{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайы мен ғылым ордасын аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайы мен ғылым ордасын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайы мен ғылым ордасын аралап көрді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келді. Президент әуелі қала әуежайының жаңа халықаралық терминалын аралап көрді.

Сейсмикалық және өрт қауіпсіздігі талаптары ескерілген жаңа нысан магнитудасы 10 баллға дейінгі жер сілкінісіне төтеп бере алады. Ғимараттың жалпы ауданы 53 жарым мың шаршы метр. Жылына 14 миллион жолаушыны қабылдайтын терминал Орталық Азияда бірінші болып үздік бағдарлама бойынша сертификатқа ие болмақ. Мемлекет басшысы қала және ел туралы алғашқы әсер әуежайдан қалыптасатынын атап, еліміздегі ең ірі әуежайдың терминал құрылысына атсалысқандарға алғысын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев күрделі жөндеуден өткен қазақ ғылымының қара шаңырағы саналатын Ғылым ордасына барды. Ғимараттың іші де, сырты да заман талабына сай жаңғыртылып, бастысы тарихи келбеті сол күйі сақталған. Ғылым ордасы бүгінгі және болашақ ғалымдар үшін қызмет ете береді деді президент.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде