Абай облысында жоғалған қыздың денесі табылып, анасы қамауға алынды
Абай облысында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған қыздың өлі денесі табылды. 30 жастағы Динара Досымбекованы өлтірді деген күдікпен туған анасы қамауға алынды.
Автор: ҰланНұрахмет
03.06.2024
Марқұм 26 мамыр күні жоғалып кеткен. Оның із-түзсіз жоғалғанын айтып анасы полицияға арыз түсіріпті. Тіпті ауылдан Семей қаласына бармақ болып, «қызым таксиге мініп кетті» деп өтірік айтқан. Алайда шаһардағы бейнебақылау камераларын түгел тексеріп, шарық- ұрып іздеген полиция қызметкерлері Динараны таппады. Тек бір аптадан кейін өз қызын өлтіріп, мүрдесін жасырып тастады деген күдікпен туған анасы ұсталды. Қазір қандықол әйел қамауға алынып, тергеу жүргізілңп жатыр.
Елдос Зәкімов, Абай облысы ПД бастығының орынбасары:
— Полиция қызметкерлерімен\ қабылданған шаралардың нәтижесінде 30 жастағы қыздың жоғалып кету мән-жайы анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!