{metadescription}
Астанада жедел жәрдем қызметкері бір ажалдан аман қалды
Астанада жедел жәрдем қызметкері бір ажалдан аман қалды

Астанада жедел жәрдем қызметкері бір ажалдан аман қалды

Астанада жедел жәрдем қызметкері бір ажалдан аман қалды. Шақыртуға келген фельдшерге ішімдікке сылқия тойып алған үйдің иесі тамағына пышақ тақап, қоқан-лоққы көрсеткен. Ал алғашқы көмекті «күйеуімнен зәбір көрдім» деген әйел шақырыпты. Отбасының шырқын бұзып, дәрігерлерге соқтығысқан 25 жастағы Астана тұрғыны бірден ұсталды. Бұзақыға қандай жаза қолданады?

Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса болды, ең бірінші жүгінетініміз, телефон шалатынымыз жедел жәрдем қызметкерлері. Күн-түн демей келіп, түскен қоңырауларға дамылсыз аттанатын ақ халаттылар күнделікті неше түрлі мінезді адамдармен ұшырасады. Мәселен, жыл басынан бері дәрігер өміріне қауіп төндірген осындай бір Астананың өзінде тоғыз жағдай тіркеліпті.

Иә жедел жәрдем қызметкерлеріне кім көрінген жұдырық ала жүгіру, өкінішке қарай, үйреншікті құбылысқа айналып барады. Бір кешіріммен жазадан оңай құтылып кетіп жатқан жайы бар «диван батырлардың». Ал бұл Астана тұрғыны көмек көрсетемін деп барған фельдшермен төбелесіп қана қоймай, бұзақы мойнына кәдімгі суық қару кезенген.

Фельдшер:

Бізге сағат түнгі 12-ден өте көп шақырту келіп түсті. Әйелі шақырған, ұрды деп. Ол үйіне деп түсті. Шақыртуды қабылдадым, бес минутта бардым. Күйеуінің ішіп алғандай көрінді. Мен сұрадым , «көмек қажет пе» деп. Ол керек деп кіргізді де, науқас маған пышақ тақады.

Әр шақыртуға бір Аллаға өмірімізді аманат етіп барамыз деген фельдшерлер бүгінде «мәртебіміз құқықтық жағынан қорғалмаған» деп отыр. Дамыған елдерде жедел дәрдем көліктері арнайы оқ өтпейтін болаттан жасалса, біздің ақ халаттылар тіпті өзімен бірге қорғаныш газ баллонын да алып жүруге тыйым салынған. Оның үстіне дәрігерлер көктем келсе, есепте тұратын түрлі дерттің құтыратын кезеңі деп отыр.

Бота Сәдетхан, Астана жедел медициналық жәрдем станциясы директорының орынбасары:

Біз шақыртуға барған кезде тек сол шақыртуға қатысты қосымша ақпарат беріледі. Жарақат алды деп беріледі. Нақты қауіп-қатерін 103 линиясында бағалау мүмкін емес. Сол үшін біз көзсіз оқиға орнына барамыз. Бізде заң жағынан қарастырылмаған ,қауіпсіздік заттарын алып жүруге. Біздің мемлекетте қорғалмаған. Мысалы, Израиль мемлекетіне барғанда көргеніміз ,олардың жедел жәрдем машиналары брондалған.

Ал енді ғана жедел жәрдем қызметіне кірген фельдшер бүгінде әрі қарай қызметін жалғастырудан аяқ тартып қалған. 25 жастағы бұзақыны полицейлер сол мезетте алып кеткенімен, бізге келгенде, «заң солқылдақ» деп налиды. Бүгін оған қатысты сот отырысы өткен. Әкімшілік іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.