{metadescription}
Қазақстан тәліптерді террорлық ұйымдар тізімінен алып тастады
Қазақстан тәліптерді террорлық ұйымдар тізімінен алып тастады

Қазақстан тәліптерді террорлық ұйымдар тізімінен алып тастады

Тәліптер біз үшін енді террорлық ұйым емес. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер өкілдерімен кездесуінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанды аймақаралық байланыстарға белсенді тарту —қазіргі стратегиялық міндеттердің бірі екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Қазақстан тәліптерді террорлық ұйымдар тізімінен алып тастады. Өйткені қазіргі Ауғанстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту маңызды әрі бүгінгі режим ұзақмерзімді фактор болады деп ойлаймыз. Бұл мәселеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің өзара келісілген ұстанымы болуы керек. Сондықтан ұйым мүшелерін Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы Қазақстан бастамасын қолдауға шақырамын.

Президент Таяу Шығыстағы ахуалға да тоқталды. Күнде жүздеген адам өліп, жараланып жатқан Газа секторындағы ахуал апат алдында деген Тоқаев бұл мәселеде Қазақстан өз ұстанымынан ешқашан айнымайтынын айтты. «Ұзақ жылға созылған қақтығыстың жалғыз шешімі «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде астанасын Шығыс Иерусалим деп белгілеп, Палестина мемлекетін құру, - деді мемлекет басшысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының биылғы 10 мамырда қабылдаған палестиналықтардың ұйымға мүше болу құқығын мойындау туралы қарарын құптайтынын білдірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде