{metadescription}
«Жетісу» футбол клубының директоры қамауға алынды
«Жетісу» футбол клубының директоры қамауға алынды

«Жетісу» футбол клубының директоры қамауға алынды

Мемлекеттің миллиардтарын жымқырды деген күдікпен «Жетісу» футбол клубының директоры қамауға алынды. Қалмұхамет Дөңсебаев қазір Талдықорған қаласындағы уақытша ұстау изоляторында отыр.

Мемлекет меншігіндегі қос бірдей мекемені басқарған Қалмұхамет Дөңсебаев 2 миллиард теңгеге жуық ақша ұрлады деген күдікке ілінді. Бірақ қай компанияның қаржысына қол сұққаны нақты айтылмайды. Себебі ол «Жетісу» футбол клубынан бөлек жергілікті әуе компаниясын басқарады. 66 жастағы ұшқыш кәсіби футболшы болмағанымен, клубты басқаруда тәжірбиесі бар. 20 жыл бойы Талдықорған футбол федерациясын, 2014-2015 жылдары «Жетісу» клубын басқарды. Былтыр директорлық қызметіне қайта келген болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде