{metadescription}
Станислав Черчесов — Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері
Станислав Черчесов — Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері

Станислав Черчесов — Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Станислав Черчесов тағайындалды. Өткен аптадан бері айтылып жатқан ақпаратты бүгін Қазақстан футбол федерациясы ресми жариялады.

Өзінің отандасы Магомед Әдиевті алмастырған ресейлік маман былтырға дейін Венгрияның «Ференцварош» клубын жаттықтырған. Осы клубпен Венгрияның чемпионы да болған. Ал басты жетістігі — Ресей құрамасымен 2018 жылы өз алаңында өткен әлем біріншілігінің ширек финалына дейін жетуі. Черчесов жылына 581 миллион теңге жалақы алады. Бірақ қанша уақытқа дейін келісімшарт жасасқаны әзірге айтылған жоқ. Белгілісі осы айда ұлттық құрама жаңа бапкердің жетекшілігімен Армения және Әзірбайжанмен жолдастық кездесу өткізеді. Ал күзде Ұлттар лигасы аясында Словения, Норвегия және Австрияға қарсы аса маңызды матчтар күтіп тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде