{metadescription}
Жамбыл облысында 500 гектарға жуық алқаптағы алма бағы қурап қалды
Жамбыл облысында 500 гектарға жуық алқаптағы алма бағы қурап қалды

Жамбыл облысында 500 гектарға жуық алқаптағы алма бағы қурап қалды

Жамбыл облысында 500 гектарға жуық алқапқа егілген алма бақтары қурап қалды. Жергілікті шаруалар жеміс ағаштарының жайқалмай тұрып жапырылып қалуына «тиісті көмектің дер кезінде берілмеуі себеп» дейді. Айтуларынша, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жанынан құрылған комиссия егістікке арналған жерге алмабақ егуге шешім шығарған.

Алайда алмаға арналмаған жерден ағаштарды бактериялық күйік шалып өнбей қалған. Енді еңбегінің жемісін жеп пайдасын көре алмаған шаруалар алған қаржыны қайтара алмай отыр. Шаш етектен шығынға батқан бағбандармен КТК тілшісі сөйлесіп келді.

Ауылшаруашылығы кооперативтері бірлесе еккен интенсивті алма бақтың қазіргі сиқы осы. Ерекше сортты сербиялық алма ағаштары қазір қурап, тіреулері құлап жатыр. Бағбандардың айтуынша бұл жобаның өнбеуіне «жерді дұрыс таңдамау себеп болған». Сондай-ақ, Қаратаудан соққан екпінді жел де жығылғанға жұдырық болыпты.

Сегіз жыл бұрын кәсіптің көзін таптық деп қуанған бағбандар қазір жыларман хәлде. Әу баста Шоқай ауылы маңындағы он кәсіпкер 2015 жылы агрокорпорацияның айтуымен алма өсіретін коператив құрады. Сөйтіп иеліктеріне шетелдік алманың төрт түрлі тұқымы егілген дайын бақ берілген. Алайда 125 мың түп алма ағашын жайқалту үшін «бар жағдайды жасаймыз» дегендер уәдесінде тұрмады деп уәж айтып отыр. Өйткені арнайы бөлінген агроном мамандар алқаптың өсіп-өнуіне қолғабыс етуі тиіс болған. Алайда олар бақтың басына мүлде келмеген көрінеді.

Серік Ералиев, бағбан:

Жеген жоқпыз, әлі бір алма да желінген жоқ. Өз ақшамызды шығарып бейнеттеніп жатырмыз. Агроном жоқ. Сол алмаларға қарайтын агроном болу керек еді. Дұрыс емес жерге отырғызғаны бір, шетелден келген алма жерсінбей жатыр.

Мұндағы баламалы бақ «екі жылда өнім береді» деген болжам болған. Ол үшін тыңайтқыш пен түрлі шығын жыл сайын субсидиялануы тиіс. Алайда шаруалар көмек қаражатты екі жылдан кейін ғана алыпты. Айтуларынша, күтіп-баптауға 40 млн теңгеге жуық қалталарынан қаржы шығарған. Сөйтіп жүргенде бақтағы ағаштары бірт- бірте сиреп, қарайып кеткен. 

Убайдулла Сериев, шаруа:

Химикат сеуіп береміз, ештеңе шықпайтын болады. Сендер қарық боласыңдар, алма бақты, бәрін бітіріп береміз, сендер аласыңдар да ,жемісін көріп, сертификат береміз, шетелге сата бересіңдер, біз көмектесеміз деді қор. Сатпақ тұрмақ ,бір тиын көрген жоқпыз.

Шаруалар шарт бойынша 700 млн теңгеге жуық қаржыға салынған бақты он жылда төлеп бітуі тиіс. Өнімсіз қалған шаруалар 6 пайыздық несиені жабуға шамамыз жоқ дейді. Ал агрокорпорация тарапы мәселені «қаржылық құпия» деп отыр.

Бауыржан Тәжібаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жамбыл облысы филиалы директорының орынбасары:

Көптеген проблема бар. Кейбір шаруаларда су жоқ дейді. Бірақ су бар. Енді ол әркімнің өз сылтауы бар. Қарыз алушылар туралы мәліметті жария етуге құқымыз жоқ.

Ал аймақ бойынша 1 200 гектарға жуық ерекше әдіспен егілген бақ бар десек, оның қаншасы қурап қалғанынан басқармадағылар бейхабар. Олар «бақтың бағын ашу  бағбанның қолында» деп, қол қусырып отыр. 

Шәкім Момынқұлов, Ауыл шаруашығы басқармасы басшысының орынбасары:

Сол агротехникалық іс-шараның барлығын шаруалар дер кезінде орындауы керек. Өйткені алма бағы өзінікі.

Қазір өңірдегі күйік шалған 465 гектар жер жайрап жатыр. Мамандар бұл алқаптан ары қарай ауру тарамау үшін бақты карантинге жапқан. Алайда оны жою шаруаларға жүктелген. Ал,несиеге кәсіп ашып, нәсібінен қағылған шаруалар бұл алқапты тазалауға өз күшіміз жетпейді деп көмек сұрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде