{metadescription}
Тасқын: Ақтөбе облысындағы Екпетал ауылының 27 шаңырағы баспаналы болды
Тасқын: Ақтөбе облысындағы Екпетал ауылының 27 шаңырағы баспаналы болды

Тасқын: Ақтөбе облысындағы Екпетал ауылының 27 шаңырағы баспаналы болды

Ақтөбе облысында тасқын кезінде жаппай көшірілген Құйылыс ауылының тұрғындары екі ай дегенде үйіне оралды. Олар сәуірден бері Ырғыз ауданы орталығындағы эвакуация бөлімшесін паналап келген еді.

Асқар Уәли, Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары: 

Құйылыс ауылындағы жағдай бірқалыпты болып, су деңгейі тұрақты түрде түсе басталуына байланысты осы маусым айының бірінен бастап Құйылыс ауылының тұрғындары толығымен ауылына қайтарылды. Қазір жағдай тұрақты, ауылмен көлік қатынасы бар.

Ауылына оралған Құйылыстың жұрты алдымен амал садақасын берген. Екі ай бойы тасқынмен күрескен құтқарушылар мен әскерилерге алғыс айтып дастарқан жайды. Ырғыз өзені көтерілгенде екі ай бойы елдімекен шетіндегі бөгетті жеті метрге дейін көтеріп бекіткен-ді. Соның арқасында ауылдағы бірде бір үйге су кірмеген. Қазір Ырғыздағы эвакуация пунктінде тек Нұра ауылының жүз тұрғыны бар. Бұл ауылды толық су басып, енді орнына Сароба деген жерден 76 жаңа үй салынатын болады. Ал тасқыннан үйін жаппай су басқан Ойылдағы Екпетал ауылының 27 шаңырағы баспаналы болды. Оларға үйді аудан орталығынан сатып алып берген.

Жалғас Төлеушов, Екпетал ауылының тұрғыны:

Осылай өткендегі қиын уақытта суға кеткенімізге байланысты үйіміз суға кетті, содан бірталай қиыншылықта жүрдік. Енді, Алла амандығын беріп, мынандай үйге, шаңыраққа қолымыз жетіп, өкіметтің жартылай көмегімен, өзіміз жетпегенін өзіміз қосып, осындай шаңыраққа ие болған едік. Бала-шағам мәз болып қуанып жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде