{metadescription}
Оралдағы сауда орталықтарының бірі өртеніп кетті
Оралдағы сауда орталықтарының бірі өртеніп кетті

Оралдағы сауда орталықтарының бірі өртеніп кетті

Орал қаласындағы сауда орталықтарының бірінде алапат өрт болды. Ғимарат тұрғын үйлерге жақын орналасқандықтан, құтқарушылар тілсіз жауды тез ауыздықтауға тырысқан. Алайда қарқын алған өрт ғимаратты түгел жалмады.

Өрт таңертеңгі уақытта басталды. Бір қабатты ғимаратты бірден қою қара түтін басқан. Жақын жерде өрт сөндіру гидранттарының болмауы тілсіз жауды уақытылы ауыздықтауға кедергі келтірген. Суды көліктерімен тасуға мәжбүр болыпты. Оның үстіне дүкенде тез тұтанғыш заттар, құрамында спирті бар құтылар болып, өртті күшейте түскен. Қызыл жалыннан сауда орталығының жертөлесі мен жылу қазандығы ғана аман қалды. Адам шығыны жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр желілерінің қысқа тұйықталуынан болған. 

Асламбек Хайруллин, Орал қаласы ТЖБ инженері:

  Хабарлама орнына БҚО департамент құрылым бөлімшелерінен 40 адам мен 18 техника жеткізілді. Аумағы 910 шаршы метрді құрайтын, 700 шаршы метр жері өртенді. Өрттің шығу себебін департаменттен анықтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде