Соңғы төрт жылда алғаш рет азық-түлік бағасы арзандады
Елімізде көкөністің қай түрі қымбат? Ұлттық статистика бюросы бағаға қатысты біршама дерек келтірген. Мамырда пияз бағасы отыз пайызға өсіпті.
Автор: Мерей Қалиасқар
03.06.2024
Ал картоп — 18, қызылша 15 пайызға қымбаттаған. Біршама арзандаған көкөніс түрі де бар. Мәселен, өткен айда қиярдың құны шамамен отыз пайызға түскен.
Қырыққабат пен қызанақ та біршама арзандаған. Бәрінен бұрын тұтынушыларға мамыр айында жұмыртқа алған әлдеқайда тиімдірек болды. Өйткені ол шамамен он пайызға арзандаған. Қарақұмық пен арпа жармасы, сондай-ақ күнбағыс майының бағасы да аздап көмендеді деп отыр Статистика бюросы.
Жалпы, көктемнің соңғы айында азық-түлік бағасы 0,2 пайызға төмендеген.
Айта кетейік, бұл өзгерістер кейінгі төрт жылда алғаш байқалып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!