{metadescription}
Ақтау көшелерінде егеуқұйрық қаптады
Ақтау көшелерінде егеуқұйрық қаптады

Ақтау көшелерінде егеуқұйрық қаптады

Ақтау көшелерінде егеуқұйрық қаптады. Әсіресе қоқыс жәшіктерінің айналасында жүретін кеміргіштер адамнан да қорықпайтын болған.

Тұрғындар тышқандардың тым көбейіп кеткенін айтып шағымдануда. Тіпті видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге салып жатыр. Егеуқұйрықтардың қоқыс жәшіктерінің айналасын індеп алғанын шенеуніктер де жоққа шығармайды. Сондықтан бүгіннен бастап қалада жаппай улау жұмысы басталған. Мамандар теңіз жағалауынан бастап, барлық шағын аудандарды бір айда дезинфекциялап шықпақшы.

Айдар Бисенов, Ақтау ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

«Самал» қонақ үйінен 15 шағынаудандағы «Каспий ривьера» қонақ үйіне дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстар арнайы препараттарын салу арқылы жүргізіліп жатыр және дератизация 16,17,18,19,20 шағынауданда жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде