{metadescription}
"Мен және менің Қазақстаным" байқауының жеңімпаздары марапатталды
"Мен және менің Қазақстаным" байқауының жеңімпаздары марапатталды

"Мен және менің Қазақстаным" байқауының жеңімпаздары марапатталды

Алматыда "Мен және менің Қазақстаным" балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Игі шараға Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі мұрындық болған.

Өнерлілер сайысына 5 пен 8-сынып аралығындағы 100-ден аса бала қатысты. Қылқалам шеберлері соның тек 77-ін ғана таңдап алыпты. Оқушылар еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілікті қағаз бетіне бейнелеп эссе жазды. Барлық сурет шеберлікпен салынып, әр сурет патриоттық рухпен толықтырылған. Арасынан ең үздік деп танылған 77 жеңімпазға түрлі сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды. Бұл байқаудың мақсаты балалардың шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқуға деген сүйіспеншілігін ояту, әдеби шығармашылықты насихаттау. Жас өрендердің талабын шыңдайтын бұл байқау алдағы жылыда жалғасын таппақ.

Ләззат Спатаева, Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының орынбасары:

Бұл байқаудың мақсаты  жас буын балалардың өз еліне деген, өзінің жеріне деген жалпы олардың көзқарасы қағаз жүзінде, сурет жүзінде суреттеуі және де шығармашылықтарын байыту,ашу мақсатында осындай байқау ұйымдастырылды. Үздік-үздік жазылған шығармаларды біз жылдың аяғында жинақ жасап ,кішкентай бір кітапша қылып шығарамыз деген ойдамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.