Атырау облысында тасқын қаупі толық сейілді
Атырау облысында тасқын қаупі толық сейілді. Жайық арнасынан асып, шарықтау шегінен өтті.
Автор: Жанат Молдашова
04.06.2024
Бір апта бұрын Махамбет ауданында судың көтерілуі тоқтап, төмен түсе бастаған еді. Соңғы екі күнннен бері Атырау қаласы аумағында да қауіпті деңгейден асқан өзендегі ағыс тұрақталды. Дегенмен Махамбет ауданы әлі де аралда тұр. Атырау-Орал, Атырау-Индер тас жолдары жабық. Қала аумағының да бірнеше шақырымын су басып қалған. Төтенше жағдай департаментінің өкілдері өңірге қарқынды су көлемі толық келді дейді. Бірақ жерәлемге жайылған суды өз арнасына ағызып, бүлінген инфрақұрылымдарды толық іске қоспай, қауіпсіз деп айта алмаймыз деп отыр.
Руслан Шариев, Атырау облысы ТЖД басшысының орынбасары:
— Су деңгейі қалпына келді. Қазіргі кішігірім су деңгейі түсуде. Ол жайық бойынша Индерде, Махамбетте және Атырау қаласында. Индер бойынша тоқталатын болсақ, о қалпына жақындап қалды. Бірақ Махамбет пен Атырау қаласындағы жайылған су үлкен көлемде. Қазір азаматтық қорғау мемлкеттік жүйесі әр жырылған суды, жолдарды, жайылуын жою жұмысы жүргізуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!