{metadescription}
Ақтөбеде суға кетіп өлмек болған 13 жастағы қыз құтқарылды
Ақтөбеде суға кетіп өлмек болған 13 жастағы қыз құтқарылды

Ақтөбеде суға кетіп өлмек болған 13 жастағы қыз құтқарылды

Ақтөбеде суға кетіп өлмек болған қызды учаскелік инспектор құтқарып қалды. 13 жастағы оқушының мұндай қадамға неліктен барғаны анықталып жатыр. 

Оқиға қаланының қақ ортасындағы Сазды өзені бойында болды. Оқушы қыз ойын-сауық орталығы алдындағы көпір астына келіп отырады. Бүрсеңдеп қараңғы жерге тығылғанын көргендер дереу тәртіп сақшыларына хабар беріпті. Сол маңда жүрген учаскелік инспектор жеткенде қыз өзенге секіріп кеткен. Сол бойда полицей де артынан секіріп, жасөспірімді құтқарып қалды. Өмірден баз кешкен қыз қазір психологтың бақылауында. Оқушының кімге ренжіп, өмірден неге түңілгенін психолог сұрап жатыр.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Қазір жасөспірімнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Онымен психолог-маман мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп, себептері анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.