{metadescription}
0:000:00
Утильалымға қарсы петицияны арнайы жұмыс тобы қарайды

Утильалымға қарсы петицияны арнайы жұмыс тобы қарайды

Утильалымға қарсы петицияны арнайы жұмыс тобы қарайды. Оның құрамына парламент депутаттарынан бастап, бірнеше вице-министр, петицияны бастаған өкіл мен өнеркәсіп саласының сарапшы мамандары кірген. Утильалымнан бас тарту жөніндегі ресми петицияны 50 мың адам қолдап, екі апта бұрын тиісті орындарға жіберген болатын.

Бүгін осы тақырыпқа Үкімет басшысының бірінші орынбасары да пікір білдірді. «Утильалым тақырыбы тым саясиланып кетті» деген Роман Скляр, оны қарастыруда, ең алдымен, мемлекет мүддесі ескерілуі тиіс деп есептейді. Оған қоса, вице-премьер салықтың осы түрі елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға сеп болатынына сенімді.

Атап айтсақ, қоқыс өңдеу зауыттарын салуға, жеңілдетілген автонесие бағдарламасын қаржыландыруға және отандық автомобиль өнеркәсібінің дамуын ынталандыруға мүмкіндік береді дейді Скляр.

Роман Скляр, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Қазір әртүрлі адамдар саналы түрде өз еліне, өз өнеркәсібіне қарсы жұмыс істеп жатыр. Өңдеу өнеркәсібі  кез келген елдің экономикасының негізі. Олар қоғамдық пікірге манипуляция жасауға тырысуда. Жеткілікті дауыс жинаған өтінішті тиісті министрлік қарайтын болады. Дегенмен, ең алдымен, азаматтардың сұранысы мен мемлекет мүддесі ескерілетінін айтқым келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.