Алматы: Дәмхана маңындағы жаппай төбелес кісі өлімімен аяқтала жаздады
Алматыдағы дәмхана маңында болған жаппай төбелес кісі өлімімен аяқтала жаздады. Бір топ жігіттер бір-біріне жұдырық сілтеп, ақыр соңында біреуі пышақ жарақатын алған.
Автор: Әсем Лесбек
04.06.2024
Оқиға түңгі уақытта Райымбек даңғылы мен Емцов көшелерінің қиылысында болған. Көліктің қасында бір жігітті жабылып ұрып жатқанын сол жердегі тұрғындардың бірі видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Түрлі балағат сөздер естіледі. Біреуін жерге құлатып ұрып, пышақ сұғып алған. Көп ұзамай полиция бұзақылық жасаған азаматтарды қолға түсірді. Ал суық қарудан жараланған ер адамның жағдайы әзірге белгісіз.
Рустам Шәрібаев, Алматы ПД бастығының орынбасары:
— Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша оқшалау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!