{metadescription}
Ақтөбе облысында шегірткені дронның көмегімен улайтын болды
Ақтөбе облысында шегірткені дронның көмегімен улайтын болды

Ақтөбе облысында шегірткені дронның көмегімен улайтын болды

Ақтөбе облысында шенеуніктер шегірткені дронмен уламақшы. Бірақ биыл қазынадан ақша бөлінбепті. Дегенмен ұшатын қондырғы өзге әуе техникаларына қарағанда дернәсілді дәл табуға тиімді дейді мамандар.

Биыл өңірдегі 800 мың гектарға жуық аумақ шегірткеге қарсы улануы тиіс. Химиялық өңдеуге қажетті дәрі-дәрмекті жеткізіп те қойыпты. Түркістан облысынан көмекке техника алдырып 116 мың гектар аумақты улаған. Жеңіл ұшақтан гөрі, дрон сатып алған әрі арзан және даланы шолуға ыңғайлы екен. Алдымен шегіртке дернәсілдері жатқан жерді улап, одан кейін дронмен препарат әсерінің қалай болғанын қадағалайды. Бірақ оны сатып алу үшін тендер ұйымдастыруға кеш қалыпты. Сондықтан қолда бар жеңіл көліктер мен мердігер компаниялардың ұшағын пайдалана тұрады.

Дастан Сағыров, Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облысы аумағы инспекциясының басшысы:

Анықталған ошақтарға мамандармен барып координаттарын алып, тиісті мердігерлер химиялық өңдеулерін жасап жатыр. Өңдеп болғаннан кейін бір сағат немесе екі сағат ішінде нәтижесін беріп, былай қарағанда, шегірткелерді қырып-жойып жатыр. Жергілікті жерлерде бәрі өңдеу жұмыстарынан кейін ертеңіне немесе уақыт өткізіп барып, тиімділігі міндетті түрде анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде