{metadescription}
Мемлекеттік ту операторы: Туымызды баптап-күтіп қарағаныма мақтанамын
Мемлекеттік ту операторы: Туымызды баптап-күтіп қарағаныма мақтанамын

Мемлекеттік ту операторы: Туымызды баптап-күтіп қарағаныма мақтанамын

Бүгін Мемлекеттік рәміздер күні. Ұлттық символдарымызға биыл 32 жыл толып отыр. Елтаңба, әнұран мен көк туымызды ұлықтап, мәртебесін асқақтататын елімізде бірқатар шаралар өтті. Мәселен, Астанада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің басты туын көтеріп, әскери оқу орындарын үздік бітірген қыз-жігіттерге лейтенант шенін тапсырды.

Бүгін елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке. Мемлекеттік рәмізі айшықталған, шекарасы шегенделген елдің сапындамыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бас байрағын көкке көтеріп, жиналған қауымға көк туды тік ұстау әр азаматтың перзенттік міндеті екендігін еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті:

Құрметті, отандастар, қадірлі қауым. Ең алдымен баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын. Бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке. Осы мерекеге орай біз жаңа ғана еліміздің бас байрағын көтердік. Көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Туымызды тік ұстау әр азаматтың перзенттік парызы. Аспан түстес көк байрағымыз біздің мақтанышымыз.

Азат ел екенімізді жарияға жар салатын ұлттық символдарымызға биыл 32 жыл. Әуенімен әуелеткен әнұранымыз 750 нұсқаның ішінен таңдалып алынған. Елтаңбаны да іріктеу оңайға соқпады. Үш жүзге тарта автор өз атын алтын әріптермен тарихта қалдыруда бақ сынасқан.

Қазақстанның мемлекеттік бас туы елордамыз Астананың қақ ортасында тұр. Көлемі 15*30 метр ту 111 биіктікте желбірейді. Сондықтан оны шаһардың кез келген тұсынан байқауға болады.

Бұл ту басқа тудан өзгерек. Әлем бойынша алып тулардың бестігіне кіреді. Салмағы 70 келі. Ал жаңбыр жауса, тіпті 100 келіге дейін тартады. Арнайы қарайтын қарауылы, түсіріп-көтеретін инженерлері бар. Желдің екпіні секундына тоғыз метрден асса, ту төмен түсіріледі. Себебі тұғырынан босап кетсе, төңіректі жайпап кетуі мүмкін. Мұндай жауапты қызметті мойнына алған Нұрлан Сәтжанов «күні-түні ауа райын аңдумен өтеміз» дейді.

Нұрлан Сәтжанов, ту операторы:

Ауа райымен доспыз. Күндіз-түні ауа райын қарап отырамыз. Күн демей, түн демей. Өте жауапты жұмыс болғасын, еліміздің басты туы болғасын, оны абыроймен атқару керек. Мақтан тұтамын.

Найзағай, бұршақ, дүлей жел. Баптап-күтушілер Астананың үйреншікті, күнделікті ауа райы тудың жиі жыртылуына әкеп соғады деп отыр. Жыртығын жамау ұшін құрылғыны төмен сырғытып түсіріп, қайта жаңасына алмастыру шамамен бір сағат уақыт алады.

Нұрлан Сәтжанов, ту операторы:

Жеті сайын жыртылады ғой. Шамалы желден. Кешке ,бүгінге дейін жыртылады, ауыстыру керек. Күн желді болғанда жыртылады, ауыстырамыз, реставрацияға береміз, ай сайын алып отырамыз.

Ең басты туға қарағанымды мақтан тұтамын. Еліміздің бірінші туы ғой! Осыны баптап, күтіп, жыртылып қалмасын, ұшып кетпесін деп, үнемі қасындамын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде