{metadescription}
Ақтөбеде мың адам әнұранды бір мезетте шырқады
Ақтөбеде мың адам әнұранды бір мезетте шырқады

Ақтөбеде мың адам әнұранды бір мезетте шырқады

Ақтөбеде мың адам бір мезетте әнұранды шырқады. Ұйымдастырушылар мемлекеттік рәміздер күнінін осылайша ерекше атап өтуді жоспарлаған.

Қаланың қақ ортасындағы ту тұғыр маңына күндіз мыңнан аса адам жиналды. Өнер ұжымдарынан бастап, әскерилер мен жастар да, балалар да осында жүр. Тура сағат онда әнұран шырқалып, көк ту көтерілді. Осындай шаралар еліміздің өзге өңірлерінде де өтті.

Мәселен, Қарағанды облысының Саран қаласы рәміздер күнін шерулетіп атап өтті. Тұрғындарды байкерлер мен велосипед тізгіндеген шабандоздар шеруі таң қалдырды. Республикалық комиссия дәл осы қаланы патриот шаһарлар қатарына қосқан еді. Көк байрақты желбіретіп көше бойын жүйіткіп өткен мото-клуб мүшелерінің өздері де көңілді. Былай күндері мотоциклдерін гараждан көп шығара бермейтінін жасырмайды.

Евгений Горвард, Саран қаласының тұрғыны:

Мемлекеттік рәміздер күні сияқты, айтулы мерекелік шараларға үнемі қатысамыз. Бұл мото-мәдениетті дамытып, насихаттауға да қажет. Осындай шаралардан өзіміз ләззат алып, достармен жүздесіп, демалып та қаламыз. Жолдағы қауіпсіздікті де ұмытқан емеспіз. Арнайы киім мен сақтық үшін шлемді де киеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде