{metadescription}
Елімізде алғаш рет екі науқастың бүйрегіне айқас трансплантация жасалды
Елімізде алғаш рет екі науқастың бүйрегіне айқас трансплантация жасалды

Елімізде алғаш рет екі науқастың бүйрегіне айқас трансплантация жасалды

Елімізде алғаш рет екі ересек науқасқа бүйректі айқас трансплантация отасы жасалды. Екі күнге созылған операция Алматыдағы Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында сәтті өтті.

Күрделі ота қан тобы бойынша өзара сәйкес келмеген донорлар, яғни күйеуі мен әйелі және қызы мен анасының арасында жасалды. Қазір олардың жағдайы жақсы, дәрігерлер көп ұзамай ауруханадан шығарылатынын айтты.

Жалпы айқас трансплантация сәйкес келмейтін екі жұпқа донорларды алмастыру қағидаты бойынша жасалады. Мәселен, пациентке донор туысы медициналық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмесе, осындай дерті бар басқа отбасынан донор таңдалады. Яғни бір отбасы доноры басқа пациентпен сәйкес келсе, трансплантация сәтті жүзеге асырылады. Осылайша бұл күрделі ота көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Ислам Мададов, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология бөлімінің меңгерушісі:

Ота екі күн қатарымен болды. Екі ота да сәтті өтті. Науқастарымыз жазылып келе жатыр. Лабораториялық көрсеткіштері өте жақсы. Енді бұл ауыспалы бүйрек транслантациясы көп үміт беретін ота. Өйткені тізімде күтетін науқас саны өте көп. Жоспарда 3-4 жасайтын, яғни 6-8 адамға жасайтындай жоспарымыз бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде