{metadescription}
Ақтөбеде аутизммен ауыратын 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр
Ақтөбеде аутизммен ауыратын 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Ақтөбеде аутизммен ауыратын 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Ақтөбеде аутизммен ауыратын 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр. Жеткіншек кеше кешке үйінен шығып кеткен. Бір тәулік бойы табылар емес.

Кәрім Жетірудың соңғы рет үйінен шыққан сәті бақылау камерасына түсіп қалыпты. Үстінде ақ футболка мен қара іш киімі, аяғында ақ түсті жеңіл аяқ киімі бар. Жасөспірім сөйлей алмайды, өзінің атын айтса, қарауы мүмкін дейді жақындары. Кәрім жоғалатын күні Заречный-1 елдімекеніндегі ата-әжесінің үйінде болған.

Оны тәртіп сақшылары мен әскерилерден бөлек, жүзден аса ерікті іздеп жатыр. Әзірге науқас баланы «көрдім-білдім» деген жан жоқ. Сол маңдағы Елек өзенінің бойы мен саяжай ұжымдарын да бірнеше рет қарап шығыпты.

Әсет Қалиев, Ақтөбе ПБ бастығы:

Полицияға жүгінген сәттен бастап үйлердің шатыры мен аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар, дала, оның ішінде орман алқаптары тексерілуде. Сонымен қатар бағдар көрсете отырып, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтарын сүзіп, қарап жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде