Тасқын: Құлсарыда баспана салынып, инфрақұрылым қалпына келтіріліп жатыр
Құлсары қаласында тасқын талқандаған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Су басқан үш мыңға жуық үйдің 1282-сі апаттық деп танылған. Соның орнына жаңа баспаналар салына бастады.
Автор: Жанат Молдашова
05.06.2024
Дархан Тілепберген, Атырау облысы, Құрылыс басқармасының бөлім басшысы:
— Жүз үйдің құрылысы басталған болатын. Оның ішінде 48 үйдің іргетасы құйыла бастады. 48 үйдің ішінде 10-ының іргетасы аяқталып, қазір тасы қаланып қойды. Құрылыс материалдары жеткілікті.
Өңірде зардап шеккен халықтың шығыны әлі есептеліп жатыр. Соңғы мәлімет бойынша 2196 тұрғынмен келісімшарт жасалған. Оның 1700-ден астамына өтемақы аударылған. Қаражатты бірі баспана салуға, екіншісі бүлінген үйін жөндеуге кірісіп кеткен. Жергілікті әкімдік қаладағы бүлінген инфрақұрылымды да қалпына келтіру қолға алынғанын айтады.
Жұмабек Қаражанов, Жылыой ауданының әкімі:
— Құлсарыда тасқын судан зардап шеккен ықшамаудандардың тиісті инфрақұрылысын қалыпқа келтіріле бастады.Атап айтқанда — автокөлік жолдары мен төсемтастар. Бүгінгі күні автожолшылар-2 ықшамауданында асфальт жөнделіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!