{metadescription}
Тасқын: Ақтөбе облысында 15 бөгетті қалпына келтіру қолға алынды
Тасқын: Ақтөбе облысында 15 бөгетті қалпына келтіру қолға алынды

Тасқын: Ақтөбе облысында 15 бөгетті қалпына келтіру қолға алынды

Ақтөбе облысында тасқыннан бұзылған 15 бөгетті қайта қалпына келтіру керек. Оның үшеуі былтыр ғана жөнделген.

Шенеуніктер бұзылған бөгеттерді қалпына келтіруге 3 миллиард теңгеден астам ақша керек деп отыр. Республикалық бюджет соның 2 миллиардын тауып беретін болған. Ал қалған қаржы жергілікті қазынадан бөлінуге тиіс. Қазір жеті бөгеттің құрылыс жобасы толық дайын. Әкімдіктегілер оның тек сараптамадан өткізілгенін күтіп отыр. Ал үш бөгетті қайта жөндеуді мердігерлер өз мойнына алған. Себебі тендер ұтқан компаниялардың екі жылға берген кепілдік мерзімі бітпеген. Онымен қоса Әйтеке би ауданындағы Щербаков бөгетін былтыр ғана салғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жөндеуді қалай болса солай жүргізгені үшін жауапты тұлғалар айыпталып жатыр.

Бекболат Нұрашев, Ақтөбе облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

Әйтеке би ауданында орналасқан Щербаков, Тереңсай бөгеттері және Алға ауданында орналасқан Көсем бөгеттерінің бұзылып, мердігер мекеменің кепілдік мерзіміне сәйкес мердігер тарапынан қалпына келтіріледі. Қазір Алға ауданындағы Көсем бөгеті қалпына келтіріліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде