{metadescription}
«Болашақ»: Шетелде қалғандар бюджет қаражатын қайтарып жатыр
«Болашақ»: Шетелде қалғандар бюджет қаражатын қайтарып жатыр

«Болашақ»: Шетелде қалғандар бюджет қаражатын қайтарып жатыр

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып, шетелде қалып қойған, сөйтіп, бюджет қаражатын желге ұшырған 200-дей қазақстандық бар. Соның бәрі оқуға жұмсалған ақшаны қайтарып жатыр.

Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, былтыр мемлекет есебінен магистратурада оқу үшін шетел асқан, бірақ кейін Отанына оралмаған жерлестеріміз қазынаға 1 миллиард 900 миллион теңге қайтарыпты. Биыл «экс-болашақтықтар» 700 млн теңге қарыз өтеген. Саясат Нұрбек мұндай борышкерлердің әрқайсысымен арнайы келісімшарт жасалғанын, келіспегендерді сотқа бергенін айтты.

Ал Гавриленко ісіне қатысты құжаттарды министр бүгін оның екі кепілгеріне көрсеткенін айтты. Әріптесіне кепілгер боламын деп, басы дауға қалған Мақпал Дәрібаева мен Наталья Воробьева күні кеше «ешқандай келісімшартты көрмедік» деп, министрдің сөзіне күмән келтірген болатын. 

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Бүгін сағат 11-де екі кепілгермен кездестік. Халықаралық бағдарламалар орталығы бүкіл құжатты көрсетті. Сұрақ шешілді. Енді толыққанды Гавриленкомен жұмыс істейтін болдық. Келісімшартқа қол қойылды, ақша төлеуді бастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде