{metadescription}
Жамбыл облысында екі мың гектарға жуық орман шаруашылығының жері өртеніп кетті
Жамбыл облысында екі мың гектарға жуық орман шаруашылығының жері өртеніп кетті

Жамбыл облысында екі мың гектарға жуық орман шаруашылығының жері өртеніп кетті

Жамбыл облысында екі мың гектарға жуық орман өртеніп кетті. Қызыл жалын кеше кешкісін Меркі ауданындағы Сарыкөбі даласынан бастау алған. 

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өрттің шартарапты шарпып кетуіне өрт сөндірушілердің оқиға орнына дер кезінде келе алмауымен түсіндірді. Өйткені өрт тұтанған аумаққа ең жақын елдімекен 160 шақырым жерде орналасқан. Сондай-ақ секундына 12 метр жылдамдықпен соққан жел қызыл жалынды үдете түсіп, жалын Тұрар Рысқұлов ауданының аумағына дейін жеткен. Тілсіз жауды ауыздықтауға 300-ден астам адам мен 50 арнайы техника тартылды. Олар таңға дейін жерді трактормен жырту арқылы өрт аумағын оқшауланған. Мамандар жақын маңдағы елдімекендер мен егістікке еш қауіп төнген жоқ дейді.

Нартай Егембердиев, Жамбыл облысы әкімдігі, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

Жағдайды тұрақты бақылап, әуеден бақыланды. Дер кезінде атқарылған жұмыс нәтижесінде өрт таңғы сағат 6:20-да толық сөндірілді. Түтін шыққан өрт ошақтары анықталған жоқ. Шамамен өртенген аймақ 1803 гектарды құрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.