{metadescription}
Шахтинск зауытына тиесілі су қоймасына кеткен балықшы іздестіріліп жатыр
Шахтинск зауытына тиесілі су қоймасына кеткен балықшы іздестіріліп жатыр

Шахтинск зауытына тиесілі су қоймасына кеткен балықшы іздестіріліп жатыр

Қарағанды облысында Шахтинск балық зауытына тиесілі су қоймасына батып кеткен балықшы іздестіріліп жатыр. Ол әріптесі екеуі өткен демалыс күні жасанды көлге шабақтар жіберу үшін моторлы қайықпен кетіп, сол күйі оралмаған.

Оқиға Ленин кеніші маңында болған. Екі балықшы сазан шабақтарын жіберу үшін көлдің ортасына дейін жүзіп келген. Түнде құтқарушылар олар мінген қайықты жағадан 500 метр жерден анықтады. Қайықтан 66 жастағы зейнеткердің өлі денесі табылған. Ал оның 57 жастағы серіктесі ұшты- күйлі жоқ. Қазір оны сүңгуірлер іздеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, қайық моторы көлдегі торларға оралып қалуы мүмкін. Ал жоғалған балықшы жағаға өз бетінше жүзіп жетпек болып, суға батып кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде