{metadescription}
Алматы облысында жарылыс болған көпқабатты үй тұрғындары тығырыққа тірелді
Алматы облысында жарылыс болған көпқабатты үй тұрғындары тығырыққа тірелді

Алматы облысында жарылыс болған көпқабатты үй тұрғындары тығырыққа тірелді

Алматы облысында көпқабатты үйдегі жарылыстан кейін далада қалған отбасылар қайда барарын білмей жүр. Оқыс жағдайдың болғанына екі жуықтаса да, қираған баспана сол күйі жатыр. Газ жарылғанда екі адам жараланып, үш пәтер де түгел бүлінген. Есік-терезесі қираған үйлер қазір қаңғыған ит-мысықтың ордасына айналған. Полиция бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаса, төтеншеліктер апат себебін әлі анықтап жатыр. 

Жарылыс екінші қабаттағы бір бөлмелі пәтерде қатты болғаны соншалық, жапсарлас екі пәтердің қабырғасы опырылып, есік-терезесі түгел қираған. Тұрмыстық техника, жиһаз, киім-кешектің бірі қалмай жанып кеткен. Сол кезде екі адам зардап шегіп ауруханаға түскен. Ольга Михайлова апат болған сәтте қызымен сыртта серуендеп жүріпті. Қатты дүмпуді естіп, үйіне қарай тұра жүгірген.

Ольга Михайлова:

Жарылыс болған пәтерге көрші тұрамын. Қатты дауысты ести сала бірден жүгіріп кірдік. Қап-қара қою түтін, пәтеріме әрең кірдік. Жарылыс болған үйдің қабырғасы құлап, менің есігім мен дәлізімді жауып қалыпты. Кірген кездегі эмоциямды айта алмаймын. Тура осылай жатты. Мына жердің барлығы өртенді.

Осында екі жыл бұрын қоныстанған тағы бір отбасы қазір қираған баспанасына қарап не істерін білмей жүр. Пәтердің қабырғасы құлап, жатын бөлменің талқаны шыққан. Газ жарылған пәтерде жалға алушылар тұрыпты. Қайта сол күні олар үйде болмаған.

Жадыра Тастемірова:

Кәдімгідей бомбы жарылғандай болды. Сондай қатты жойқын жарылыс. Бұл жерде пәтерді жалға алғандар тұрған дейді. Солар жөндеу істеген. Газ қостырған. Газ жиналғаннан соңдай жарылыс болды деді ғой. Зәремізді алды,есік ұшып кеткен.

Дамира Амангелдиева:

Екінші жыл тұрып жатырмыз. Қатты шықты дауысы. Есім шығып кетті, қорқып, дірілдеп кеттім, жылап жібердім. Міне, енді далада қалдық. Тұратын жеріміз жоқ.Газ компаниясы жөндеп береміз, қоқысты шығарып, бәрін жасаймыз дейді. Ешкім жоқ, міне.

Төтеншеліктер газ-ауа қоспасы жарылған деп болжайды. Бірақ ол нақты қорытынды емес. Қазір сараптама жүргізіліп жатыр. Ал әкімдіктегілер тұрғындарға алғашқы көмек көрсеткенін айтады. Қолдан басқа ештеңе келмейді деп отыр.

Мақсат Орынбасаров, Өтеген батыр ауыл округі әкімінің орынбасары:

Жарылыс болғаннан кейін қарауға бұл ішкі істер органдарына берілді. Пәтер иелері келді ,көмек сұрап. Уақытша жалдап тұруға пәтеріне бір айға ақша тауып берілген. Екінші айға қазір көмек болатын болса, екінші айға да демеушілердің көмегімен көмектесеміз. Ал басқа сараптама белгілі болмайынша, біздің қолдан ештеңе келмейді.

Ал газ таратушы мен газ құбырын жүргізген мекемелер апат себебін болжап та айта алмай отыр. Пәтер иесі газ қондырғыларын орнататын жеке компаниямен жұмыс жасаған дейді. Дегенмен кімнің кінәлі екенін енді полиция анықтамақ.

Меруерт Морякова, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру фактісі бойынша аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс тіркелген. Қазір барлық қажетті сараптаманы тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталған жұмыстардың нәтижиесімен іске құқықтық баға берілетін болады.

Осылайша іс ҚР ҚК 204-бабы бойынша тергеліп жатыр. Ал төтенше жағдайлар қызметінің сараптама қорытындысы айдың аяғында ғана дайын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.