{metadescription}
 Ауа ластанып барады. Алматылықтардың 65 пайызында жеке көлік
 Ауа ластанып барады. Алматылықтардың 65 пайызында жеке көлік

Ауа ластанып барады. Алматылықтардың 65 пайызында жеке көлік

Алматыда автокөлік саны биыл күрт артқан. Тұрғындардың 65 пайызы жеке машинасымен жүріп-тұрады. Бұл әлем елдерінің астанасымен салыстырғанда тым көп. Мәселен, Парижде тұрғындардың 11 пайызы, ал Мәскеуде 40 пайызы жекеменшік көлікпен жүреді. Ал оңтүстік астанада темір тұлпарлардың шамадан тыс көбеюі ауаның ластануына әкелетіні анық. 

Бұл мәселені шешу үшін енді мегаполисте автотұрақтардың қатарын көбейтіп, машина санын азайтып, қоғамдық көліктерде қатынау үлесін 64 пайызға ұлғайту көзделіп отыр. Нәтижесінде тұрғындар жолға қазіргіден қарағанда үш есе аз уақыт жұмсайды. Осы ретте қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру үшін қалада тұрғын үйден аялдамаға дейінгі жаяу жүргіншілер мен веложолдар жабдықталады. Сондай-ақ газбен жүретін автобустар мен электрлі автобустардың санып көбейту мен жаңа аялдамалар салу да көзделген.

Алматыда соңғы екі жылда тіркелген автокөліктердің саны 24 пайызға өскен. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 40 пайызға жетуі мүмкін. Алып шаһардың бұл ауқымды мәселесі 2030 жылға дейін шешімін таппақ.

Азамат Ершанқұл, Алматы мобильді басқарма қоғамдық көлік ұйымдастыру бөлімінің басшысы:

Қазір Алматы бойынша 23 тасымалдаушы бар. Оның біреуі – коммуналдық мемлекеттік тасымалдаушы. Күнделікті қалада 2400-дей автобус және 158 троллейбус қызмет етеді. Халықты қоғамдық көлікке ынталандыру, өздеріңізге ,біз айтпай-ақ белгілі. Автобустарымыз қазір жаңа, заманауи.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде