{metadescription}
«Үлескерлер ұлыды». Қарағандыда тоғыз қабатты үйдің құрылысы тұралап қалған
«Үлескерлер ұлыды». Қарағандыда тоғыз қабатты үйдің құрылысы тұралап қалған

«Үлескерлер ұлыды». Қарағандыда тоғыз қабатты үйдің құрылысы тұралап қалған

Қарағандыда үлескерлер шу шығарды. Тоғыз қабатты үйді мердігер компания өткен жылы пайдалануға беруі керек еді. Бірақ құрылыс тұралап, күзден бері бір кірпіші қаланбаған.

Айша Сүлейменова, үлескер:

2023 жылы қаңтарда үйді сатып, бірден салып жібердік.19 миллиондай, 100 пайыз ақшасын салдық, екі бөлмелі пәтерге. Енді қазір салушылар байланысқа мүлдем шықпайды. Елдерге жауап бермейді. Мен көпбалалы ана ретінде қазір әке-шешемнің үйінде тұрып жатырмын. Енді әке-шешем қаңғырып жүр. Шешем болса мүгедек.

Мердігер үлескерлерді риелторлар арқылы тапқан. Баспана іздегендер кешеннің «Манхэттен» деген сәнді атауына қарап, ойланбастан 350 миллион теңге санап беріпті. Ал мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасы жарнамасы жер жарған компанияның «үлескерлерден ақша жинағаны заңсыз» деп, мердігерге миллиондаған айыппұл салған. Осыдан кейін құрылыс компаниясына ақша құйғандар азайып, қаржылық қиындыққа тап болыпты. Шенеуніктер тұрғындарды кездейсоқ мердігерлерден сақ болуға шақырады. Сондай-ақ үлескерлерді тартуға рұқсаты бар-жоғын, екінші деңгейлі банктер мен ынтымақтастығын тексеріп алғаны жөн дейді. Қазір Қарағандыда «Манхэттенге» жаңа инвесторлар іздестіріліп жатыр.

Ерғалы Ерденов, «Капитал Строй-ХХІ» ЖШС директоры:

Біз өз күшімізге сенген едік. Бірақ қолымыздан келмеді. Қазір қаржыландыратын инвесторлар күтіп отырмыз. Енді инвестор болмаса, басқа мердігер компанияға береміз. Қазір үлескер жинап жатқан жоқпыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.