{metadescription}
Ақтөбе облысында жол апатынан алты адам қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан бір күнде алты адам қаза тапты. Ауыр жарақат алған тағы бес жолаушы ауруханаларға жеткізілген.

Қарғалы ауданына қарасты Ащылысай ауылы маңында Toyota Alphard автокөлігі аударылды. Салонда болған төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Тек жүргізуші тірі қалды. Ол бірден аудандық ауруханаға жеткізілген. Ақтөбе мен Ресейдің Ор қаласына жолаушы тасымалдаумен айналысады екен. Такси қызметі ретінде ресми тіркеуге де тұрған. Ал екінші оқиға Әйтеке би ауданында болды. Мұнда екі жеңіл көлік бетпе бет соқтығысып, екі жолаушының бірі оқиға орнында мерт болды. 58 жастағы әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Ал аударылған Alphard-тың жүргізушісін апат болар күні жол сақшылары тоқтатқан екен. Жүргізушіге жылдамдықты асырмай, абайлап жүру керектігін де ескерткен.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Жол көлік оқиғасының алдында, бірнеше сағат бұрын оны полиция қызметкерлері жүргізушімен жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізгені анықталды. Алайда оған қарамастан, жүргізуші полицейлердің ескертуін елемеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде