{metadescription}
Несиеден бас тартқанның атына кредит рәсімделсе — банк жауап береді
Несиеден бас тартқанның атына кредит рәсімделсе — банк жауап береді

Несиеден бас тартқанның атына кредит рәсімделсе — банк жауап береді

Несие алудан ерікті түрде бас тартқандардың атына әлдекімдер несие рәсімдесе, бұған енді банктер мен қаржы ұйымдарының өздері жауап беретін болады. Қаржы нарығын реттеу агенттігі осылайша алаяқтар оңды-солды алып жатқан несиелер санын азайтамыз деп отыр.

Агенттіктің мәліметінше, бүгінде елімізде 385 мың адам несие алудан өз еркімен бас тартқан. Яғни банктен немесе микроқаржы ұйымынан қарыз алуға қарсымын деп, электронды үкімет порталында өз-өзіне шектеу қойған. Олар алты ай бойы кредит ала алмайды. Мұндайлардың есебінен биыл елімізде несие алушылар саны азайыпты. Жыл басталғалы тұрғындар жалпы көлемі 525 млрд теңге несие рәсімдеген. Бұл былтырғыдан 2,5 пайызға кем. Дегенмен несие саны мен көлемінің азайғанын «уақытша құбылыс» дейді мамандар. Несиеден ерікті түрде бас тарту әдісі қарыз алушылар санының төмендеуіне бәлендей әсер етпейді екен. Бұл бірінші кезекте алаяқтық жолмен жасалатын ақша аударымдарының санын азайтуға көмектесуі тиіс.

Олжас Қизатов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:

Банктер мен микроқаржы ұйымдарына қосымша жауапкершілік қарастырып отырмыз. Егер олар несие алудан өз еркімен бас тартқан тұлғалардың атына несие берген болса, онда бұл несиені өздері есептен шығаруы тиіс. Оған қоса, бұл деректі несие бюросындағы несие тарихынан алып тастауға міндетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде